Қазақстанның бірқатар аймағында 5 ақпанда күрт суытып, қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды&nb...
"Шығынның бәрі өтеледі": Олжас Бектенов шұғыл кеңестен кейін пікір білдірді
Фотосурет: primeminister.kz
3059
Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов президент өткізген шұғыл кеңестен кейін пікір білдіріп, төтенше жағдайға кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған madeniportal.kz хабарлайды.
Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге барлық шығын өтелетінін жеткізді. "Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты шұғыл жиналыс өткізді. Барлық құзыретті органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Кінәлі тұлғалардың барлығы тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Зардап шеккен адамдарға шығынның бәрі өтеледі. Үкіметте республикалық штаб құрылып, барлық мәселелерді тәулік бойы бақылауда ұстайтын боламыз", - деді премьер-министр.