3 минут ішінде музейдегі миллиондаған еуро тұратын туындылар ұрланды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
458

Танымал суретшілердің бірнеше миллион еуро тұратын құнды картиналары ұрланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл картиналар Италияның Парма қаласына жақын орналасқан Маньяни-Рокка қорынан ұрланған.

Италияның Парма қаласына жақын орналасқан Magnani Rocca Foundation жеке галереясынан Пьер Огюст Ренуар, Анри Матисс және Поль Сезанн салған үш түпнұсқа картина ұрланды. Олардың жалпы құны бірнеше миллион еуроны құрайды.

Ұрлық 22-сінен 23 наурызға қараған түні болған. Қаскөйлер төрт картинаны алып кетпек болған. Бірақ біреуін оқиға орнында қалдырып кеткен. Ұрланған туындылар — 1917 жылғы «Балықтар» (Ренуар), 1890 жылғы «Шие қосылған натюрморт» (Сезанн) және 1922 жылғы «Террасадағы одалиска» (Матисс).

ӘДЕБИЕТ

    Әзәзіл күлкі иектегелі қаш-шан! Асханаға бара жатып та, келе жатып та миығынан күл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25-29 мамыр аралығында Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық эко...