32 жыл бұрын зорланған әйел президенттен көмек сұрады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
378

Осыдан 32 жыл бұрын бірнеше ер адамның жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын айтқан Наташа Қалымбетова Қазақстан Президентіне бейнеүндеу жасап, өз ісін жеке бақылауға алуды өтінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, төрт ай бұрын ол басынан өткен жағдай туралы алғаш рет көпшілік алдында ашық мәлімдеген. Осыдан кейін құқық қорғау органдары оны Қазақстанға шақырып, арызын қабылдаған. Алайда қылмыстық іс тіркелгенімен, тергеу барысында елеулі нәтижеге қол жеткізілмегенін айтады.

Наташа Қалымбетованың сөзінше, арада ұзақ уақыт өткендіктен куәгерлер мен нақты айғақтардың болмауы істің ілгерілеуіне кедергі келтіріп отыр. Ол өзіндегі ең маңызды дәлел ретінде сол оқиғадан кейін, 1995 жылы дүниеге келген қызын атайды. Әйелдің болжамынша, қызы қазір АҚШ-та тұруы мүмкін.

Ол Мемлекет басшысынан істің жан-жақты әрі әділ тергелуіне ықпал етіп, тергеу барысын жеке бақылауына алуды сұрады.

Қалымбетованың айтуынша, оның мақсаты тек өз ісі бойынша шындыққа қол жеткізу емес. Ол бұл мәселе арқылы қоғамның әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне де назар аударғанын қалайды.

«Мен бұл қасіретті 32 жыл бұрын бастан өткердім. Сол уақыттан бері қызымның қайда екенін білмей өмір сүріп келемін. Бұл істің соңына дейін жеткенін қалаймын», – деді Наташа Қалымбетова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...