Астанада ерлі-зайыпты жанжалдан кейін қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
503

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде 55 жастағы ер адам әйеліне пышақ сұғып, кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Полицияның мәліметінше, 53 жастағы әйел мен оның күйеуі алған жарақаттарынан жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін қайтыс болған.

Марқұмдардың артында ата-анасынан айырылған 15 жастағы мүгедектігі бар бала қалған.

Қазір ерлі-зайыптының арасында жанжалға не себеп болғаны және оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

«Кісі өлтіру және суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...