36 жастағы ер адам 19-қабаттан секіріп аман қалды

Oxu.Az

ЖАҢАЛЫҚТАР
996

Киевтің Днепров ауданында (Украина) нағыз ғажайып деуге болатын оқиға орын алды. 36 жастағы ер адам Воскресенская көшесіндегі 18А үйдің 19-қабатындағы терезеден құлап, аман қалды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұған оның құлаған сәтінде соққыны жеңілдеткен автокөлік себеп болды.

Бұл туралы Oxu.Az жазды.

Оқиға 30 тамыз таңертең болған. Куәгерлер ер адамның Toyota автокөлігінің төбесіне құлағанын көріп, бірден жедел жәрдем шақырған. Көлік толықтай майысып қалған. Шамамен 60 метр биіктіктен құлағанына қарамастан, зардап шегуші дәрігерлер келгенге дейін есін жоғалтпаған.

Днепров ауданы полициясының мәліметінше, зардап шеккен адам – жергілікті тұрғын. Оқиғадан кейін ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның ауыр, бірақ өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттар алғанын хабарлады: жабық бас-ми жарақаты, ішінің жабық жарақаты және кеуде қуысының жарақаты.

"Алдын ала тергеу ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көрсетіп отыр", – деп хабарлады Днепров ауданының полициясы. Тергеушілер киевтікті осындай қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.

Зардап шегуші құлаған Toyota автокөлігінің иесі әзірге жағдайға түсініктеме берген жоқ. Дегенмен әлеуметтік желі қолданушыларының көбі материалдық шығын адам өмірімен салыстырғанда түкке тұрғысыз екенін атап өтуде

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...