Ұлдана Мырзуанның қазасы: инженер ғимарат қасбетінің құлауына не себеп болуы мүмкін екенін айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
140

Куәгер Константин Костенко 2026 жылғы 3 қыркүйекте Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта жауап берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол жеке кәсіпкер екенін және аталған үйдің инженерлік желілеріне байланысты жұмыстарды атқарғанын айтты.

«Өзімнің мамандығым бойынша құрылыс инженерімін. Мамандығым – «Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі». Жел бағытына қарайтын болсақ, дәл сол ғимараттың бүйір бөлігіне солтүстік-батыс жақтан жел эрозиясы, жауын-шашын және дауыл жүктемесі түскен», – деді Костенко.

Сонымен қатар оның айтуынша, ғимараттар арасындағы қашықтыққа қойылатын талаптар да сақталмаған.

«Маман ретінде айтарым, біріншіден, тоғыз қабатты тұрғын үй мен үш қабатты коммерциялық ғимараттың арасындағы қашықтық құрылыс нормалары бойынша, тіпті 2004 жылғы талаптарды алсақ та, кемінде 4,8 метрден 12 метрге дейін болуы керек. Jet Logistic пен бес қабатты үйлерге қатысты да жағдай осындай. Яғни Jet Logistic тұрған жерде іс жүзінде тек күзетшінің шағын будкасы ғана тұруы керек еді. Ол жерде Jet Logistic болмауы тиіс», – деді куәгер.