Қазақстанға КҚК қорғау үшін Ресейге әскер жіберіле ме

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
967

Ресейлік сарапшы Қазақстанға Каспий құбыр консорциумын (КҚК) өз бетінше қорғау жүйесін құру керегін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ресейлік инженер-геодезист, публицист Александр Уфаевтың жазуынша, КҚК — Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық маршруты. Сол себепті оның пікірінше, Новороссийск теңіз порты Астананың стратегиялық нысаны болып есептеледі және оны қорғау қажет.

— Қазіргі жағдайда Ресей КҚК инфрақұрылымын қалпына келтіруге асығуы керек пе? Менің ойымша, міндетті емес. Қорғау жүйесін қазақтар өздері құруы тиіс. Мұның екі себебі бар: біріншіден, Қазақстан мұнайының 80%-ы Новороссийск арқылы өтеді; екіншіден, Қазақстан ҰШҚҰ мүшесі, сондықтан Ресей Қазақстанның әскери қызметкерлеріне өздерінің антидрондық құралдарын орналастыруға мүмкіндік бере алады, өз экономикалық мүдделерін қорғау үшін, -  деп жазды Уфаев ruskline.ru сайтында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте қараусыз қалған бүлдіршін терең құдыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды M...