Алматыда қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалған жасөспірім бір айдан кейін табылды, деп хабарлайды...
4 мыңнан астам жұмысшы мен 1250 техника: Алматы көшелері тәулігіне төртінші рет тазартылып жатыр
дереккөз
Алматыда толассыз жауған қардың салдарын жою жұмыстары жалғасып отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қардың тоқтаусыз жауып жатқанына байланысты коммуналдық қызмет қала көшелерін тәулігіне төртінші рет толық тазаланып жатыр. Бұл туралы қалалық Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары айтты.
Көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 25 ақпанда қала бойынша ауқымды күш жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 1250 бірлік арнайы техника мен 4050 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде:
— 905 техника және 2015 жұмысшы — «Алматы Тазалық» МКК;
— 345 техника және 695 жұмысшы — мердігер ұйымдар.

Қардың толассыз жаууына байланысты жұмыстар қосымша күшейтілді. 25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні тазалау жұмыстарына тағы 1340 адам тартылады. Оның ішінде 500 қызметкер — «Алматы Тазалық» МКК-дан, 840 жұмысшы — мердігер ұйымдардан. Осылайша, тәулік бойы жұмысқа барлығы 1250 арнайы техника мен 4050 жол саласы жұмысшысы атсалысады.
Тазалау жұмыстары барлық ауданда жүргізілуде. Негізгі басымдық — магистральдық көшелер, қоғамдық көлік бағыттары, еңіс және дөң аумақтар, аялдамалар мен тротуарлар. Жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады: алдымен көктайғаққа қарсы материалдар себіледі, кейін техника қарды ысырып, сыртқа шығарады.
Қар қалың жауып жатса да, жұмыс күні-түні тоқтамайды. Коммуналдық қызмет ауа райына бейімделіп, ресурстарды жүктемесі ең жоғары аумақтарға бағыттап отыр.