Тапаншамен пранк жасаған Астана тұрғыны 15 тәулікке қамалды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2348

Астана тұрғыны лифтте ойыншық тапаншамен пранк жасағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

Іс материалдарына сәйкес, 29 қаңтарда Астана тұрғыны лифтте жанжал шығарған – ол адамдарға ойыншық тапаншасын кезеніп, олардың реакциясын видеоға түсіріп, кейін видеоны әлеуметтік желіге жариялаған.

Сотта ер адам видеоны көңіл көтеру контенті үшін ғана түсіргенін айтып, кінәсін мойындамады.

Қорытындысында Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...