1 қазан күні әлем бойынша қарттар күні тойланады. Қазақстандағы ең көп жасаған адам Ұлытау облысынд...
«+45 градус ыстық»: 26 шілдедеге арналған ауа райы болжамы
Ашық дереккөз
«Қазгидромет» РМК-ның болжамынша, 26 шілде, жексенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Елдің шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Қазақстанның батыс өңірлерінде жоғары қысым аймағының әсерінен күн ашық болып, аптап ыстық сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыс, батыс және солтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі болжанады.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысында және Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 40–43 градусқа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында аптап ыстық 43–45 градусқа жетеді.
Сондай-ақ күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарында, Ұлытау облысында және Ақмола облысының оңтүстігінде қатты ыстық болып, ауа температурасы 35–39 градусқа дейін жетеді. Маңғыстау облысында 38–42 градус, Қызылорда және Түркістан облыстарында 40–42 градус ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында, Қостанай облысының батысы, шығысы және орталығында, Ақмола облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Қызылорда, Жамбыл және Атырау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі, батысы, оңтүстігі және орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі және шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында және Павлодар облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.