«Сотқа беруім мүмкін»: Мейірман Шекеев Аша Матайдың мәлімдемесіне жауап берді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1155

Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясының» атынан кандидат ретінде тіркелген Аша Матайдың мәлімдемесіне жауап беріп, оның сөзін бұрмалады деп есептейтінін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Бұл туралы buginmedia.kz жазды. Шекеевтің айтуынша, Аша Матай оның айтқан ойын дұрыс түсінбеген. Сондай-ақ ол тележүргізушінің «тәрбием жібермейді» деген сөзін негізсіз деп бағалады.

«Аша Матай меңзеуді дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің не қатысы бар екенін түсінбедім. Десе де мен оған толық жауап беремін», – деді заңгер.

Сонымен қатар Мейірман Шекеев бұл мәселеге құқықтық баға берілетінін айтып, сотқа жүгінуі мүмкін екенін жеткізді.

«Мен Аша Матайды сотқа беруім де мүмкін. Менің сөзімді бұрмалағаны үшін», – деп мәлімдеді ол.

Еске салайық, бұған дейін Аша Матай дебатқа қатысу туралы ұсынысқа жауап беріп, анасының «ер адаммен, ел ағасымен сөз таластыру жараспайды» деген тәрбиесін себеп етіп, пікірталастан бас тартқан еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы Уильямс Коулға халықаралық іздеу жариялады. Шетел азаматы Қаз...

Шоу-бизнес

Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жанар Байсемізді...