«45 млн қарызым бар»:Нұрлан Еспановтың ұлы қиын жағдайда екенін айтты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1809

Белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов үлкен соммада қарызға кіріп кеткенін айтты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

«Менде бәрі керемет емес, бәрінің басында проблема бар. Мұңайып, қайғырып, түңіліп болғанмын. Адамды білмей, танымай, арласпай, сөгуге болмайды негізі. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын. Алаяқтыққа ұрынып, 45 млн-ға қарызға кірдім. 2 жыл осы кредитпен әлек болып жүрмін. Барар жер, басар тау қалмады. Мемлекеттік органдар жұмыс істегісі келмейді. Банктегілер жоқ көліктің кредитін төлеңдер деп бізді «қораға» тыққысы келеді. Қысқасы айта берсең сериал болып кетеді. Кредит менің мойнымда, 45 млн тақалып тұр», - деп жазды Олжас Еспанов.

Ол ендігі мақсаты осы кредиттен құтылу екенін атап өтті.

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс мед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әскери қызмет кезінде қаза тапқан Алмас Көбеновтің отбасының қазіргі жағдайы туралы жаңа мәлімет айт...