Amanat барлық рәсім аяқталғанша жұмысын жалғастырады

Фото: Instagram/ amanat.partiyasy

ЖАҢАЛЫҚТАР
25

«Әділет» партиясы Саяси бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлының айтуынша, тиісті рәсімдер шамамен жарты жылға созылуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Биліктің Amanat партиясы жаңа құрылған "Әділетке" қосылды.

Бұл шешім дауыс беру арқылы қабылданды. Делегаттар бірауыздан мақұлдады.

Қарсы болғандар мен қалыс қалғандар жоқ.

Жиынға партия делегаттары, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің өкілдері, түрлі салалық қауымдастықтар мен сарапшылық ұйымдардың жетекшілері қатысуда.

Съезд күн тәртібінде партияның алдағы даму бағыты, «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылу мәселесі,  өңірлік филиалдарды құру және ұйымдық құрылымды нығайту мәселелері қаралады.

II Съезд қатысушыларының алдында сөз сөйлеген партия төрағасы Айбек Дәдебай Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтіп, саяси күштерден реформаларды қолдау ғана емес, халықпен тығыз жұмыс жүргізу және азаматтардың сұраныстарына нақты жауап беруді талап ететінін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша тергеу аяқталды. Бұл жөнінде жәбірленуші тараптың адвок...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында 62 жастағы ер адам оқушыға тиісті деп айыпталды. Ол 15 жастағы қыздың өз атасы екен...