Асырап алған баласын қорлаған ата-ананың іс-әрекеті елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2973

Ақмола облысында патронаттық тәрбиеде болған 8 жасар бала жәбір көрген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы омбудсмен Динара Зәкиева мәлімдеді.

Мектептегі мұғалімдер баланың үнемі ұйқысы қанбай, аш жүретінін байқаған. Әрі баланың жеке гигиенасының төмендігін көрген. 8 жастағы баланы тексеру барысында денесінде тыртықтар мен көгерулер анықталған.

Бала 2022 жылдан бері патронаттық тәрбиеде болған.

Сәуір айында патронаттық тәрбиеші психиатрға жүгініп, балаға әсері күшті дәрі тағайындалған. Бірақ тәрбиешенің бұл әрекеттері күдік тудырды.

Қазіргі таңда бала ауруханада. Қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қобда ауылында үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қа...