«50 тәулікке қамауға алыну»: Астанадағы әткеншекке талас қылмыстық іске ұласты

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
190

Балалар алаңындағы әткеншекке кезекке тұруға байланысты дау соңы төбелеске ұласты. Балаларының мәселесін шешпек болған ата-аналар өзара жанжалдасып, бір-біріне дене жарақатын салған. Енді оқиғаға қатысқандар заң алдында жауап беруі мүмкін, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Полиция мәліметінше, жанжал балалар алаңында әткеншекке кезекке қатысты басталған. Алайда ересектер мәселені бейбіт жолмен шешудің орнына балалардың көзінше сөзге келіп, артынша бір-біріне күш қолданған.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысушылар полицияға жеткізіліп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Полиция кез келген жанжалда күш қолдануға жол берілмейтінін ескертті. Заңнамаға сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылуы мүмкін.

Шоу-бизнес

Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қарым-қатынасына қатысты пікір білдірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Талғар ауданында жеті жасар қызға қатысты азғындық әрекет жасауға оқталды деген күд...