Ертең елімізде бұршақ жауып, қатты жел соғады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1033

«Қазгидромет» мамандары 2025 жылғы 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамынжариялады. Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен найзағайболады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

  • Солтүстік өңірлерде – қатты нөсер күтіледі;
  • Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда – бұршақ шквал болуы мүмкін;
  • Батыс өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз өтеді. 

Синоптиктер республиканың әртүрлі аймақтарында қосымша қолайсыз жағдайларды болжады:

  • ел аумағында желдің күшеюі байқалады;
  • оңтүстікте – шаңды дауылдар күтіледі;
  • солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі. 

Кейбір аймақтарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі:

  • Алматы, Жетісу, Қарағанды (батыс, солтүстік), Ұлытау (солтүстік, оңтүстік), Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары.

Төтенше өрт қаупі:

  • Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Алматының батысы мен солтүстігі, Жетісудың орталығы мен оңтүстік-шығысы, Қостанайдың оңтүстік-батысы, Қарағандының оңтүстігі, Ақтөбе мен Ұлытаудың шығысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...