53 жастағы әйел жас қыздарды жыныстық құлдыққа сатып келген

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1353

Ташкентте үш қызды Тайландқа жыныстық құлдыққа жібермек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Самарқанд облысының ІІБ хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, 53 жастағы әйел Таиландтағы сыбайласымен алдын-ала келіскен. 18, 23 және 31 жастағы үш қызды жібергені үшін ол 5 мың доллар алуы керек еді. Қыздардың кем дегенде үш ай бойы интимдік қызмет көрсетуі шарт болды.

Күдікті өз құрбандарын қиын жағдайға тап болған әйелдер арасында іздегені атап өтілді.

Күдікті Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда ұсталып, оған қатысты Адам саудасы туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...