6,3 млрд теңге: Қызылордада 72 жыл бұрын салынған демалыс паркі жөндеуден өтті

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1257

1 маусым — Балаларды қорғау күнінде Қызылордада қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркі ашылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады. 

Аттракцион паркі 1953 жылы ашылған. 1996 жылы жекешелендіріліп, 2008 жылы мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Биыл мердігер «Bi Global» компаниясы жобалық-сметалық құжатқа сәйкес оны толық жөндеп, парк жаңарған кейіпке енді. Бұл жұмысқа 6,3 млрд теңге бөлінді. 

Кіреберіс қақпа алдындағы «Сыр батырлары» ескерткіші Тағзым алаңына көшірілді. Ол жерге арка орнатылып, жаңа үлгідегі кеспетас төселді. Қоршау толық жаңартылды. Бетонды скейтпарк, 20-ға жуық аттракцион, кафе ғимаратын орналастыруға арналған алаң және ойын алаңдары салынды. Жаңа субұрқақтар парктің барлық аумағын қамтиды. Ашық аспан астында күнделікті келушілерге мәдени қызмет көрсетуге, концерттік бағдарламалар қоюға арнап 100 адамға лайықталған амфитеатр салынды, - делінген әкімдік хабарламасында. 

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...