Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...
Боксшы Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөз
176
Қанат Ислам бокстан Қазақстан ерлер U19 құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қанат Ислам 1984 жылы дүниеге келген. Кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы.
Әуесқой бокста Қытай командасының сапында Бейжің Олимпиадасының, әлем чемпионатының және Азия Ойындарының қола жүлдегері.
2010 жылдан бастап Қазақстан азаматы. “Астана Арландары” кәсіпқой клубы сапында өнер көрсеткен. Кәсіпқой бокста 30 жекпе жек өткізіп, оның 22-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.
Қанат Ислам бұдан былай отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижені жақсартуға үлес қоспақ.