Димаш Құдайберген әлемге әйгілі композитормен алғашқы туындысын ұсынбақ

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1421

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлады madeniportal.kz dimashnews.com-ке сілтеме жасап.

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды.

Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазған. 

Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың "Love's not over yet" атты жаңа әнін ұсынады. 

Премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда жарияланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...