«7-20-25» бағдарламасында ипотекалық займды мерзімінен бұрын жабуға бола ма

Жаңалықтар
519

ҚР Ұлттық банкі Тұтынушылар құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр Терентьев «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық займды мерзімінен бұрын өтеуге қатысты түсінік берді.  

«Қазіргі кезде бағдарламаның негізгі параметрлері әзірленді. Сондықтан займ мерзімі 25 жыл болып айқындалды, алайда қарыз алушы займды мерзімінен бұрын жапқысы келсе, бұл оның жеке құқығы. Ол үшін зайымды жабуға өтінім жазуы тиіс», - деді Александр Терентьев Сенаттың жалпы отырысынан кейін «ҚазАқпарат» тілшісіне. 

Оның сөзіне қарағанда, егер де кепіл сомасы 20 пайыздан асатын болса, бұл тұрғыда ешқандай проблема туындамайды. 

Сонымен қатар ол уақыт өте келе бағдарлама аясында қандай да бір түзетулер енгізілуі мүмкін екенін жеткізді. 

«Егер де қарыз алушы қомақты сомада қаржы салатын болса, әрине, оған осындай қадам жасауға ешқандай кедергі туындамайды»,  - деп түсіндірді Терентьев. 

Сөз соңында ол қазіргі кезде арнайы құрылған компания екінші деңгейлі банктермен шарттарды бекітуге кіріскенін атап өтті. Аталған құжаттар толық рәсімделгеннен кейін, адамдар банктерге өтінімдерін жасай алады.  

Madeniet.kz
 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...