Павлодар облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ алтын өндіру кәсіпорны салынады. Бұл өндіріс жылына 15...
«Боқтап сөйлеу нормаға айналған»: Дана Нұржігіт мектеп оқушыларының ішкі мәдениетінің төмен екендігін айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт НЗМ-нен шығарылып қалған оқушы туралы өз пікірін айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .
Дана Нұржігіт оқушылардың бұндай деңгейге жетуі олардың ішкі мәдениетінің төмендігінде деп отыр.
"НЗМ болып жатқан жағдайға байланысты ойым:
Мына жерде Бата беріп отырған апамыз менің мектептегі класс жетекшім,қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі-Жәния Сұрағанқызы Мусина. Тілге деген құштарлығымды шыңдаған, шабытыма қанат бітірген ұстазым. Өте-өте қатал,өте талапшыл, тілімен осып алатын, кейде басымыздан нұқып та алатын,жаным,апайым! Жақсы болсын дедіңіз, қолыңнан келеді,ойлан дедіңіз! Өйткені менен көп нәрсе күттіңіз,қабілетімді көрдіңіз! Мың алғыс Сізге!
Екінші фотода қасымда тұрған 5 сыныбымнан фортепиано аспабына баулыған мұғалімім Әлия Ысқаққызы. Өте талапшыл, менің қырсықтығымды үндемей жеңетін, масаттанып кетпесін дей ме көзіме мақтамай,сыртымнан қорғаштап,сыртымнан төбесіне көтеретін ұстамды,көп сөйлемейтін, әдемі сөйлеп,әдемі киініп жүретін, интернатқа өзі іздеп сабаққа алып кететін ұстазым менің. Мың алғыс Сізге!
Үшінші суреттегі ұлым Әлімді бастауышта “Әлім нағыз лидер, ол өте мейірімді,басқа балаларға жаны ашып тұрады,тек еркелігі бар”деп басынан сипап, ақылын айтатын, осы күнге дейін отбасымыздың ең жақын адамы болып кеткен мұғаліміміз-Әсем апай. Мың-мың алғыс сіздерге!
Ал енді дәл осы ұстаздарымдай адамның тәртіпті талап етіп тұрған жерінде жұрттың көзінше мен “Ш…ва!” деп айтуымды көзге де елестете алмаймын! Ол мүмкін емес!
Мұғалімді жер қылуды қашан қоямыз?!
Балалық дейсіз бе? Біз де бала болдық!
Бұл жердегі сөз ,айналып келгенде, ішкі мәдениет туралы. Солай айтуға өзіне өзі рұқсат беретін адамның ісі.
Мектептің “оқудан шығарамыз” дегені де ашынудан шығар деймін.
Балалықтың да шегі бар дегені болуы керек. Өйткені үлкендер түгілі балалардың ауызынан көшеде жүрсең де,аулада тұрсаң да ақ ит кіріп,көк ит кіріп жатады. Бұл боқтап сөйлеудің нормаға айналғаны. Бітті.
Бұл оқиға бәрімізге “тәк” дейтін меже. Мұғалімнің мәртебесі Заң дедік пе,заңды да қолбала қылмайық!", - дейді тележүргізуші.