7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1738

7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап ел күнтізбесінде жаңа мемлекеттік мерекелер пайда болды. Солардың бірі ел аумағы мен оның тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің – Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі.

Отан қорғаушылар күні - «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы»Заңында көрсетілген тоғыз ресми мерекенің қатарына кіретін мемлекеттік мереке. 

Бұл күні 1992 жылы Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бүгінде ҚР Отан қорғаушылар күні - мемлекеттік мереке және күнтізбеде ресми түрде демалыс күні ретінде белгіленген. Сондай-ақ мерекенің ресми мәртебесі Қазақстан Республикасының тиісті Заңында бекітілген. 

Сондай-ақ, жыл сайынғы дәстүрге сай Мемлекет басшысы биыл да бірқатар әскери қызметшіні марапаттады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...