Таразда марихуана суына емделгісі келген әйел 10 жылға сотталды

Фото: kazgazeta.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2200

Жамбыл облыстық соты жабайы есірткі шөптерін жинап, сатқан деген айыппен 58 жастағы әйелді 10 жылға соттады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Сотталушыны 2024 жылдың сәуірінде Тараз қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде полиция қызметкерлері ұстады, тінту жүргізіп, оның Фольксваген Туарег жеке көлігінен және тұрғылықты жері бойынша салмағы 19,4 келіден аса гашиш пен 22 келі марихуана есірткі заттарын тәркіледі. Сотта ол өзінің кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді, сонымен қатар оның псориаз және буын ауруларына шалдыққанын, есірткі заттарын сату мақсатынсыз емдік суына түсу үшін сақтағанын айтып көрсетті», - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Астана қаласындағы саябақтардың бірінде қыздардың ерсі қылықтары көзге түскен виде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир негізгі ҰБТ-да 140 балл иеге...