"70 қазақстандық Ирандағы зауытта істейді". Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында 96 қазақстандықтың бар екенін мәлімдеді

Фото: Reuters

ЖАҢАЛЫҚТАР
1054

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран аумағында 96 қазақстандықтың бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ведомствоның мәліметінше:
18 адам — дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, 2 адам — студент, 70 адам — «Заркух» зауытында жұмыс істейді, тағы 6 азамат Иранда жеке шаруамен жүргендер.

Министрліктің хабарлауынша, сыртқы саяси ведомство мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастармен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.