"Бесікте сәби жатқан": Алматы облысында бір әулеттен төрт адам қаза тапты

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1223

Алматы облысында Сарыбастау ауылында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.Қайтыс болған отбасы тауда мал баққан.

Таудағы үйде 70 және 47 жастағы екі ағайынды, інісінің әйелі мен баласы тұрған.

«Байланысқа шықпаған. Адамдар үйге кіріп қараса, ерлі-зайыпты төсекте жатыр дейді. 70 жастағы ағасы бір балағын киіп үлгеріп, сол жерде құлапты. Нәресте бесік арбада жатқан», - дейді қара жамылған отбасының туысы Күлімхан Босқынбаева.

Туыстары пештен ыс тиіп уланған деп болжап отыр.

Бүгін марқұмдар жер қойнына тапсырылды.

ПОЭЗИЯ

Емберген Жәнібек Саянұлы 2005 жылы 15 тамызда Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Екпінді ауылында дүниег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұржан Төлендиев отбасындағы қызықты әдеттері жайлы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айты...