Нұрай Серікбайдың ісінен кейін жұмыстан кеткен тергеуші жазаға тартылды

Видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
155

Шымкентте бұрынғы тергеушіге полиция формасын заңсыз кигені үшін айыппұл салынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін қызметінен босатылған экс-тергеуші Артықбай Әбілғазы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған оның полиция қатарынан кеткеннен кейін де арнайы формамен бейнесұхбатқа шығуы себеп болған.

Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының мәліметінше, іс бұрынғы полицейдің қатысуынсыз қаралған. Сот 11 наурызда оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныған.

Аталған бап әскери немесе нысанды киімді заңсыз киюге қатысты. Сот шешімімен Артықбай Әбілғазыға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 21 625 теңге айыппұл тағайындалды.

Сонымен қатар сот экс-полицей пайдаланған нысанды киім үлгілерін тәркілеу туралы шешім шығарған. Мемлекет кірісіне полиция формасының жемпірі мен шалбары, футболкасы және аға лейтенант шені бейнеленген екі погон өткізілді.

Сот қаулысында аталған заттардың қазіргі уақытта Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қоймасында сақтаулы тұрғаны көрсетілген.

Шоу-бизнес

Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның қарым-қатынасына қатысты пікір білдірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Талғар ауданында жеті жасар қызға қатысты азғындық әрекет жасауға оқталды деген күд...