82 жастағы Астаналық қария шөбересін зорлағаны үшін 20 жылға сотталды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
675

Астанада сот 82 жастағы ер адамды жеті жастағы шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткені үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Желідегі мәліметке сүйенсек, қылмыс 2025 жылдың сәуір айында, бүлдіршіннің туған күнін атап өту кезінде отбасы мүшелері жиналған сәтте үй ішінде болған.

Туыстары күдіктіні оқиға орнында ұстап алған, алайда ол қашып кеткен. Шамамен бір тәуліктен кейін оны полиция қолға түсірді.

Құқық қорғаушы отбасы ішінде бұл жағдайды жария етпеу туралы ұсыныстар болғанын да атап өтті. Кейбір туыстар күдіктінің жасы үлкен екенін алға тартқан. Алайда анасы ең алдымен қызының құқығы мен қауіпсіздігін таңдаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Комик Нұрлан Сабуров Таиландқа және Қытайдың ең ірі қалаларына сапарларды жоспарлаған, деп хабарлады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Депутат...