Ташкентте Ұлттық ұлан қызметкерлері базарда ән айтатын баланы алып кетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1678

Әлеуметтік желіде үш Ұлттық ұлан қызметкерінің баланы қолынан ұстап алып бара жатқан видеосы тарады. Кадрларға қарағанда, оқиға Ташкенттегі Шорсу базарының аумағында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде осы баланың өнер көрсеткен видеолары бірнеше рет жарияланған. Ол «Седая ночь» және «Белые розы» әндерін орындаған. Желі қолданушыларының жазуынша, жас орындаушы ән айтқаны үшін 100 мың сум сұраған.

Ұлттық ұлан қызметкерлерінің баланы қандай себеппен алып кеткені әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...