Абай облысында 20 жасар студент өмір бойына сотталды

Фото: Антон Балашов, ИА PrimaMedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
2244

Абай облысының арнайы соты 2004 жылы туған заң факультетінің студентіне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол 12 және 13 жастағы жасөспірімдерді зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл талапты жәбірленушілердің өкілдері де қолдады. Ал студент өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сонымен қатар, ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты қызмет түрлерін атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Жазасын ол қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...