Өскеменде экологиялық ахуал ушығып, тұрғындарды тұман тұншықтыруда

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1015

Өскемен қаласының атмосфералық ауасында адам денсаулығына қауіпті екі зиянды заттың мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

29 қаңтар күні «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы қала аумағында ауа сапасына кезекті мониторинг жүргізген. Зерттеу нәтижесі көңіл көншітпейді: көміртегі тотығының шоғырлануы шекті нормадан екі еседен астам артса, күкіртсутек деңгейі де белгіленген межеден айтарлықтай жоғарылаған.

Мамандардың мәліметінше, бұл күні Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Желдің болмауы мен ауа алмасуының төмендеуі салдарынан зиянды қалдықтар атмосферада жиналып, ластану деңгейін күшейткен. Мұндай жағдайда өндірістік және тұрмыстық шығарындылардың әсері айқын сезіледі.

Экологтар мен синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ болмауға және денсаулыққа мұқият қарауға кеңес береді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы балабақшада балаларға күш көрсетілгені туралы видео тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz...

Шоу-бизнес

Танымал тележурналист Гүлбаршын Зайырова әнші әрі актриса Мөлдір Мұқановаға тосын сый жасап, бағалы...