Ақмола облысында есірткі шегіп алған такси жүргізушісі ұсталды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1309

Ақмола облысында полиция есірткі шегіп алған такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Қостанайға бет алған Toyota Alphard автокөлігін полиция Екатеринбург – Алматы жолының1006 шақырымында тоқтатты.

Көлікті рұқсатсыз жолаушылар тасымалдаумен айналысқан 2002 жылы туған жігіт жүргізіп бара жатқан.

Салонда үш жолаушы болған, оның екеуі жүргізушінің туысы болып шықты. Астанадан Қостанайға баратын клиентінен 15 мың теңге алған.

«Тексеріс кезінде полицейлер жүргізушінің есірткі тұтынғанын байқаған. Медициналық тексеріс бұл фактіні растады», - деп жазылған хабарламада.

Жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы, 1-бөлімі (Есірткіге мас күйінде көлік басқару), 463-бабы, 1-бөлімі (Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Көлік айып тұрағына қойылды.

Полиция есірткіге мас кезде көлік басқару және заңсыз такси қызметімен айналысу жол қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...