2025 жылы Алматыда тау инфрақұрылымын дамыту қарқынды түрде жалғасып жатыр, деп хабарлады MadeniPort...
Жантүршігерлік ұшақ апатынан борттағы барлық адам ажал құшты
Фото: әлеуметтік желі
Перуде туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 13 адамның барлығы қаза тапты. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі әйгілі Наска сызықтары маңында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мәлімет бойынша, Cessna Caravan C-208 ұшағы Писко қаласындағы әуежайдан көтерілген. Әуе кемесінің бортында туристер мен экипаж мүшелері болған.
Ұшақ Наска әуежайына қарай бағыт алған. Шамамен сағат 13:00-де экипаж әуе қозғалысын басқару мұнарасына төтенше жағдай туралы хабарлаған. Осыдан кейін әуе кемесімен байланыс үзілген.
Кейін ұшақтың жерге құлағаны анықталды. Құтқару қызметтері апат орнына жетіп, борттағы адамдардың ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады. Барлығы 13 адам көз жұмды.
Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға бойынша тергеу басталып, мамандар ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғанын анықтап жатыр.
Наска сызықтары — Перудің ең танымал туристік орындарының бірі. Туристер бұл ежелгі алып геоглифтерді әуеден тамашалау үшін арнайы шағын ұшақтармен ұшады.