«Қорғай алмадым»: Руслан Өтепбай шымкенттік Нұрай Серікбайдың қазасы жайлы айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
313

Танымал тележурналист Руслан Өтепбай ел ішінде резонанс тудырған 21 жастағы бойжеткеннің қазасы жайлы зерттеу жүргізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Шымкенттік Нұрай Серікбайдың қазасы… Бұл - бір отбасының қайғысы, бір ананың жүрегіндегі жазылмас жара мен бір ағаның өмір бойы көтеретін ауыр аманаты емес, бұл - қоғамның қасіреті. Бүгін марқұм Нұрайдың туған ағасымен сұхбаттастым. Оның әр сөзі жүректі тіліп өтті. Қарындасының қандай болғанын айтқанда, дауысынан сағыныш пен өкініш қатар сезілді. Ағасының айтуынша, Нұрай тұйық, жуас, ешкімге жамандық ойламайтын қыз болған. Бірақ дәл осы мінезін күдікті пайдаланып, ұзақ уақыт бойы мазалап, қыр соңынан қалмаған. Ең ауыр сұрақ: «Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болар ма еді?..», - деп журналист оқырмандарына ой тастады. 

Сондай-ақ ол мұның қоғамдағы үлкен мәселе екенін айтты.

"Бір отбасы қызынан айырылды. Бір ағасы қарындасын қорғай алмадым деп өзін кінәлайды. Ал қоғам тағы да кеш қозғалды… Бұл оқиға - жай ғана қылмыс емес. Бұл- қыздардың қауіпсіздігі, сталкинг, жауапкершілік туралы үлкен мәселе", - деп түйіндеді.

Бұдан бөлек өз зерттеуінің қашан жарық көретінін де хабарлаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарлық мектеп оқушысы Айханым Оқасова өзінің ерекше қабілетінің арқасында 17 жасында елордадан...

СПОРТ

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден жабық кешендег...