Құрметті отандастар!Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! ...
Абылай ханға «Ұлы» эпитетін бекіту ұсынылды
Фото: «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі
«Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі өкілдері Наурыз мейрамы қарсаңында Абылай ханесіміне «Ұлы» эпитетін ресми түрде бекіту бастамасын көтерді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бастама авторларының мәлімдеуінше, бұл ұсыныс тарихи жадты нығайтып, қазақ халқының бірлігі мен мемлекеттілік дәстүрін айқындаған тұлғаның рөлін қоғамдық деңгейде мойындауға бағытталған.
Олардың пікірінше, Абылай хан күрделі кезеңде ел бірлігін сақтап, сыртқы саяси қысым жағдайында көпвекторлы дипломатия жүргізу арқылы қазақ қоғамының дербестігін қорғауда шешуші рөл атқарған.
Ұйым өкілдері әлемдік тәжірибеде тарихи тұлғалардың маңызын айқындау үшін құрметті атаулар беру дәстүрі бар екенін атап өтті. Осыған байланысты «Ұлы Абылай хан» атауын ғылыми айналымда, қоғамдық қолданыста және мәдени кеңістікте тұрақты түрде енгізу ұсынылды.
Бастама иелері бұл қадамды тарихи сананы жаңғыртуға және ұрпақтар сабақтастығын күшейтуге бағытталған маңызды қоғамдық акт ретінде бағалап отыр.