2026 жылы Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмысы...
Педофил колониядан қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлаған
Фото: әлеуметтік желі
2515
Өзбекстанда педофил колониядан қашып шығып, 3-сынып оқушысын зорлаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz-ке сілтеп.
Ер адам жазасын Ташкент облысы Аханғаран ауданындағы колонияда өтеп жатқан. Онда ол жергілікті компанияның меншігіндегі жерге жұмысқа орналасқан.
Полиция мәліметінше, тұтқынды тұрғындар егістік алқабында оқиға орнында ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырған. Оның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздың жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ.
Айта кетейік, ол 7 жыл бұрын жасөспірімді зорлағаны үшін сотталған.