Зейнеткерді несиеге батырған алаяқ ұсталды

Фото: kursiv.media

Жаңалықтар
287

Қостанай облысында полицейлер қарт адамдарға алаяқтық жолмен несие және шағын несие рәсімдеген пошташының бірқатар алаяқтық әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды madeniportal.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, пошта қызметкері зейнеткерлерден хат немесе зейнетақы алғанын растау үшін суретке түсуді сұраған. Осыдан кейін мобильді қосымшалар арқылы оларға несие мен шағын несие рәсімдеп тастап отырған.  

«Оның қылмыстық әрекеті салдарынан Қостанай облысының бес зейнеткері зардап шекті, мысалы, оның екеуіне 1 миллион теңгеден несие, ал қалғандарына шағын несие құжатталған», - деп хабарлады полиция. 

Шығынды түсінбей, шырғалаңға тап болған сенгіш әрі көңілі таза қарттарға келтірілген жалпы шығын 2,3 миллион теңге болды. 

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында зейнеткер алаяқтардың жолына түсіп, оларға өз еркімен 100 миллион теңге беріп, екі аптаның ішінде депозитінен ақшасын алып, қылмыскерлердің шотына аударған.

Полиция осындай пошташының қолға түскені туралы бейнежазба таратты. 

Полиция осындай пошташының қолға түскені туралы бейнежазба таратты.

 
 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...