Павлодарда фельдшер пациенттердің картасынан ақша ұрлаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

Железин аудандық сотында алаяқтық жасаған фельдшерге қатысты қылмыстық істі қаралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

2025 жылдың желтоқсанында ер адам фельдшер болып жұмыс істей жүріп, науқастардың сенімін пайдаланып, олардың ұялы телефондары мен банктік қосымшаларына қол жеткізген. Көмек көрсету сылтауымен ол парольдерді біліп алып, рұқсатсыз операциялар жүргізген.

Эпизодтардың бірінде ол пациент әйелдің шотынан бөгде шотқа 50 мың теңге аударған. Басқа жағдайларда науқастардың атына несие рәсімдеуге тырысқан, сондай-ақ олардың банктік карталарының деректерін үшінші тұлғаларға қаражатты жымқыру үшін берген. Жалпы келтірілген шығын 300 мың теңгеден асқан.

Сот талқылауы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінген және келтірілген шығынды толық өтеген.

Сот оны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын, пробациялық бақылау белгілеумен тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

ПОЭЗИЯ

***Дейсің бе, әлде,ұғына алсаң, ғаламды ұқ?Мұнша сұлу болармысың, адалдық?!Неге біздер ғарышта емес,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі өкілдері Наурыз мейрамы қарсаңында Абылай ханесімі...