“Адамды лас әңгіме тарту қаншалықты дұрыс?»: Дана Нұржігіт Нұрсейіт Жылқышыбайға өткір сұрақ қойды

Коллаж: Sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2984

Бұдан біраз уақыт бұрын зілтемірші Алмас Өтешов танымал спортшы Илья Ильиннің допинг қабылдағаны туралы Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берген еді. Осыдан кейін Ильин Өтешевтың ішімдікке әбден салынып кеткенін айтып, оны емдетуге кіріскен. Осы орайда, белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт Ильяның азаматтың әрекетіне риза болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мұны ТЕКТІЛІК дейді. Кеше ғана Ильяның атына кір келтіретін әңгіме айтып отырған досын тауып, емдетіп, жағдайын түзеуге барын салып жатқан Ильяға шын риза болдым. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр» дейді!

Осы жерде менің қояр сұрағым тек «Уақыт көрсетеді» жобасының авторына ғана. @nurseiitzhylkyshybai Ауыр диагноз алкоголизмге он жылдан бері шалдыққан адамды сөйлетіп, суыртпақтап лас әңгімеге тарту моральдық этика тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Қауқарсыз жағдайдағы адамның әлсіздігін пайдалану емес пе?!», – деп жазды ол желідегі парақшасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...