Өртенген көліктен табылған мәйіт: Талдықорғанда күдікті қолға түсті

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2707

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 37 жастағы ер адам күдікті ретінде қамалды.

"Полициямен бұрын хабар-ошарсыз кеткен облыс орталығының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында, Талдықорған қаласының аумағындағы жолдың бойында жоғалған адамға тиесілі автокөлік табылды. Жиналған заттай дәлелдемелердің негізінде жедел-уәкілдер қылмыс жасағанын мойындаған 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті азамат қамауға алынды",  - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...