Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен &...
Әділет Майғазиев жары Әдиямен қалай танысқанын айтып берді
Фото: әлеуметтік желіден
Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет сүйіктісімен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Кеше ғана дүркіреп тойлары өткен жастардың таныстығы қалай басталғаны белгілі болды. Танымал өнер иесінің ұлы өмірлік жары болған аруды Маңғыстауға барғанда жолықтырған. Әділеттің айтуы бойынша, олар баста тек дос болып араласқан. Дегенмен, сол достықтың соңы шаңырақ құруға ұласқанын айтып сөзін қорытындылаған.
“Бір жыл бұрын Ақтауда таныстық. Берекет деген досым кофехана ашқан. Әкем, көмекшісі үшеуіміз қолдау білдіріп бардық. Сол кезде көрдім. Сырттай көріп, ұнатып қалдым. Бірақ ол ашылуда танысқан жоқпыз. Содан арамыз үзіліп қалды. Бір күні Берекет досым үйленетін болды. Сол тойға ата-анаммен бардық. Әдия – досымның жақын қарындасы. Досымның туысқаны болғасын бірден сөзге тартып, танысып кете алмадым. Үйлену тойдан кейін жастар шағын басқосуға жиналдық. Біздің жақын танысуымызға да сол кеш себеп болды. Ертеңіне Берекеттің үйіне менің ата-анам, өзінің туыстары жиналды. Дастарханда Әдия менің жаныма отырып қалды. Сыртқа шыққанда оның аяқ киімін әпердім. Оған қамқорлық жасағым келді. Содан бері дос болып араласа бастадық. Міне, шаңырақ көтердік”, – деді Әділет.