«Мұғалімге айтпаған»: Түлектер мінген автобус апатқа ұшырап, 17 оқушы көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2323

Колумбияның Антиокия провинциясында 40 түлегі бар мектеп автобусы 20 метр биіктіктен шатқалға құлап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

17 адам қайтыс болып, 20-ға жуығы зардап шекті.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, 16-18 жас аралығындағы жастар сапарды өз бетінше ұйымдастырған. Ал автобуста мұғалімдер болмапты. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Билік провинцияның бүкіл ауруханалық желісін көмекке тартты.