Адвокатура мәртебесі Конституцияға бөлек баппен енгізілді

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
758

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасында адвокатураның мәртебесі және оның адам құқықтарын қорғау жүйесіндегі рөлі жеке норма ретінде бекітілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы адвокатура азаматтардың мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғану және заң көмегін алу құқықтарын іске асыруға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, заң көмегін тек адвокаттар ғана емес, заңда белгіленген тәртіппен өзге де тұлғалар көрсете алатыны атап өтілген.

Негізгі заң жобасында адвокаттық қызметті жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ адвокаттардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі арнайы заңмен айқындалатыны да көрсетілген.

Адвокатура мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту қорғану құқығының кепілдіктерін күшейтуге және сот төрелігі жүйесінде заң көмегінің рөлін арттыруға бағытталған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...