Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес Қазақстанда концерт береді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1860

Әйгілі америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылдың жазында Астанада концерт береді. Бұл туралы Madeniportal.kz хабарлайды.

Концерт 2025 жылдың 1 тамызында Астанадағы Astana Arena-да өтеді.

Әншінің “Up All Night” атты әлемдік турнесі аясында Анталия, Ыстамбұл, Мадрид, Барселона, Будапешт және Варшава сияқты әлемнің 15-тен астам қаласында концерттер жоспарланған. Қазақстан Орталық Азиядағы санаулы елдердің бірі ретінде бұл гастрольдік кестеге енді.

“Бұл жазда мен бірнеше таңдаулы шоу қоямын. Сіздермен кездесуді асыға күтемін. Өте көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады”, – деп жазды Дженнифер Лопес өзінің Instagram парақшасында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...