Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, одан секіріп өтпек болған жас жігіт қайтыс болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
4359

Алматы маңында танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, трюк жасамақ болған жас жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 29 қазанда Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түсіп қалған.

Соның салдарынан жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды. Онда 30 қазанда есін жимастан жан тапсырған.

Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...