Кенжебек Жанәбілов асыға күткен қуанышты жаңалығын айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
633

Қазақстандық әнші Кенжебек Жанәбілов Мемлекет басшысының жарлығымен "Құрмет" орденінің иегері атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өзін қолдап жүрген тыңдармандарына алғыс айтты.

"Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында президентіміздің жарлығымен "Құрмет" орденіне ие болдық! Баршаңызға алғысымыз шексіз, аман болыңыздар!" – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Айта кетейік, "Құрмет" ордені елдің әлеуметтік-мәдени дамуына, ғылым, білім, өнер және өзге де салаларға елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін мемлекеттік марапаттардың бірі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...