"Өте қиын партия болды. Бірақ әу бастан басымдықты өз қолыма алдым. Қарсыласым әдеттегідей кере...
Жойқын жарылыстан 12 адам қаза тапты
Фото: freepik
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Дера-Исмаил-Хан ауданында полиция бекетінің маңында жанкештілік жарылыс болып, кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы шамамен 35 адам жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Associated Press мәліметінше, жарылғыш зат тиелген көлік жол бойындағы полиция бекетіне соғылған. Қаза тапқандардың басым бөлігі қауіпсіздік қызметкерлері мен оқиға орнындағы тұрғындар болған. Құрбандар арасында екі әйел мен бала да бар.
Жарылыстан кейін жараланғандарды ауруханаға алып бара жатқан жедел жәрдем көлігіне де қарулы адамдар оқ атқан. Салдарынан құтқару қызметінің бір қызметкері қаза тауып, тағы екі адам жараланған.
Шабуылға жауапкершілікті Пәкістандағы «Техрик-е Талибан Пәкістан» тобы мойнына алған. Ел билігі болған жағдайды айыптап, оқиғаға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейткен.