“Аяз ата” 6 жасар қызды зорлады

Фото: инстаграм/ nemolchi.uz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2841

Аяз атаның киімін киген ер адам қыз зорлады, деп хабарлайды madeniportal.kz nemolchi.uz парақшасына сілтеме жасап.

Владимир Шишканов туралы бұқаралық ақпарат құралдары жаппай жазып жатыр.  Жыл сайын Владимир Шишканов Аяз ата костюмін киіп, мереке қарсаңында балаларға кәмпит таратып, олармен суретке түседі екен.

Владимир Шишкановқа кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық туралы қылмыстық іс қозғалды. Ер адам сотталған және 2009 жылдан 2012 жылға дейін психиатриялық клиникада емделген.

Шишкановқа қатысты тағы бір іс қозғалған. Ол кәмелетке толмағандар бейнеленген порнографиялық материалдарды дайындаған.

Тергеу мәліметтері бойынша, өткен жазда ол таныстарының пәтеріндегі балконды жөндеген. 6 жасар қызымен жалғыз қалып, ол балаға жыныстық зорлық жасады. Қазір Шишканов қамауға алынды, ол тергеу изоляторында отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...