Теңізге түспеген: Маңғыстаудағы трагедиядан аман қалған сарбаздар мәлімдеме жасады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
764

Әлеуметтік желілерде Маңғыстауда болған қайғылы оқиғаға байланысты мерзімді әскери қызметтегі матростар А.А. Ахметов пен Ә.А. Мағауияға қатысты тараған фейк ақпараттар теріске шығарылып, олардың аман-есен екені белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындаған болатын. Мерзімді әскери қызметтегі матростар А.А. Ахметов пен Ә.А. Мағауия да дәл осы жағалауда оқу тапсырмасын атқарған әскери қызметшілер тобының құрамында болған. Қазіргі уақытта қос әскери қызметші де аман-есен, өз әскери бөлімінде орналасып, күн тәртібіне сәйкес күнделікті әскери қызметін атқаруды жалғастыруда. Сондай-ақ сарбаздар әлеуметтік желіде арнайы үндеу жариялап, өздеріне қатысты тарап жатқан жалған ақпаратты ашық түрде теріске шығарды.

  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...