Ақтөбеде жолақы төлемеген оқушыға автобустың еденін жуғызған

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
1482

Ақтөбеде оқушы жолақысын төлей алмай, автобустың еденін жууға мәжбүр болған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбеде болған оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады.

Бала құқықтарының мұндай өрескел бұзылуына жол беруге болмайды. Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды. Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақытылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз, - делінген хабарламада. 

Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы 27 қаңтар күні баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еденді жуғызғанын айтып, көмек сұрады. Осы оқиғадан соң полицияға арыз да түсірген.

Полицияға арыз түсті. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сәбит Оразбаев бүгін 90 жасқа толып отыр. Ол...